Accessibility links

Өткен мәслихат сайлауы туралы БАҚ мақалалары мониторингі мен мазмұнын талдау


Өткен 2003 жылғы мәслихаттар сайлауы туралы БАҚ мақалаларының мониторингі мен мазмұнын талдау нәтижелері сәрсенбі күні Алматыда жария етілді. Бұл мақалалар мазмұнын талдауды сайлау барысын зерттеудің құралы ретінде қолданудың проблемалары мен перспективалары деген дөңгелек стөл барысында талқыланды.

Дөңгелек стөлдің мақсаты, БАҚ талдау саласаындағы іске асырылған түрлі жобаларды талқылау, сайлау барысын зерттеу жолдарын жақсарту, ұлттық баспа, және электронды ақпарат құралдарын талдауды дамыту.

Дөңгелек стөл жұмысына халықаралық ,үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, БАҚ өкілдері қатысты. Жобаны Қазақстан баспасөз клубы іске асырып, оны АҚШ халықаралық Даму агенттігі қаржыландыруымен Еуразия қоры қолдау көрсетті.

Жобаның орындалуы үш сатыға бөлінді. Алғашқысы, мәліметтер бойынша БАҚ мақалаларын жинау.Сонымен қатар мақалаларды алдын ала талдау жүргізілді. Екінші саты бойынша, жобаға қатысқан сараптаушыларды оқыту және жинақталған мәліметтерді жетілдіру әдісі бойынша сараптап, жиынтық кестеге толтыру. Ал үшінші саты бойынша, мәліметтерді өңдеу мен түсіндіру.

Жобаны жүзеге асырушылар тарапынан Қазақстан баспасөз клубының президенті Әсел Қарауылова мақалалар мазмұнын талдау барысына тоқталып өтті. Оның айтуынша, зерттеудің кей нәтижелері көрсеткеніндей, мемлекеттік, аймақтық басылымдар мәслихаттар сайлауын баяндауда бейтараптық бағыт ұстанған. Бұл істе Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімшіліктерінің басылымдары белсенділік көрсеткен.

Сайлауға қатысты оқиғаларды аймақтық БАҚ-қа қарағанда орталық, мемлекеттік ақпарат құралдарына қарағанда жекеменшік басылымдар, қазақ тілді басылымдарға қарағанда орыс тілді ақпарат құралдары көбірек жариялағандығы айтылды.

Мақалаларда ең жиі аталған партиялар Отан, / 37 процент/, Аграрлық және Азаматтық партиялары- /15 проценттен/ Ақ жол мен Коммунистік партиялар /11 проц./ сондай-ақ, Патриоттар партиясы /4 проц/ болған.

Сайлау тақырыбында байланысты ең жиі көтерілген мәселелер: жергілікті өзін-өзі басқару, білім беру, медицина мен денсаулық сақтау, адам құқығын қорғау, жұмыссыздық, жастар саясаты, зейнетақы жүйесі, экология, баспана мәселелері, келейшілік, шағын бизнес.
XS
SM
MD
LG