Accessibility links

Түрлі саяси партия мен қозғалыс өкілдері В.И.Ленинді еске алды


Алматыда сәрсенбі күні түрлі саяси партия мен қозғалыс өкілдері, зейнеткерлер Алматыда пролетариат көсемі В.И.Лениннің 21-қаңтар қайтыс болған күніне орай, Ленин ескерткіші түбіне жиналды. Жиналғандар Лениннің жарқын бейнесі ешқашанда ұмытылмайтындығын және оның ұлы тұлға екендігін тілге тиек етті.



Алмалы аудандық Коммунистік партия хатшысы Көпбосын Панзабеков мырза В.И.Ленин ұмытуға болмайтын ұлы тұлға дегенді айтты.

- Бізде өткенге жиіркенішпен қарау, өткенге оқ ату деген үрдіс пайда болды. Ол дұрыс емес. Өркениетті мемлекеттердің барлығы өздерінің өткен басшыларына тарихи тұлға деп қарайды. Ленинді ешқандайда кінәлауға және ұмытуға болмайды. Қазір Ресейде Ленин ескерткішін қалпына келтіріп жатыр. Осы орайда біздің де басшылар ойлануы тиіс.

Ал жазушы Сапабек Әсіп мырза өз сөзінде қазақты қатарға қосқан Ленин дегенді айтты.

- Қазақ халқына жасаған орасан зор жақсылығын айтқым келеді. Қазақтарды ел басқару ісіне араластырды. Сөйтіп қазақты көтеріп ел қатарына қосты. Тоз-тоз болған қазақтың басын қосып, автономия берді. Содан кейін ғана біз өзімізді адам ретінде сезіндік. Бізде байлар мен шенеуніктер қолына билік тигелі кедейлердің көрген күні күн емес. Тәуелсіздік жылдары 1 млн. 200 мың қазақ үйін-жайын тастап, көшіп кетті. Қазақстанға жылына сырттан 22 мың адам көшіп келеді. Оның 80 пайызы қазақтар. Ал оның жағдайын білу үшін Шаңыраққа бар. Бәрі шемішке сатып жүр.

Әуезов аудандық Коммунистік партиясының хатшысы Қадырғали Мамаев мырза бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекетіне социалистік ілім ауадай қажет дейді.

- Социалистік жүйе өте қажет. Бізде жұмыссыздық жаппай етек алды. Білім саласы құлдырады. Өндіріс мүлде тоқтап тұр. Біз өркендей алмаймыз. Осының бәрі Кеңес үкіметі кезінде гүлденіп тұрды ғой. Қайта қалпына келтіру үшін жұмыс жасауымыз керек.
XS
SM
MD
LG