Accessibility links

Бүгін Үндістан басшылығының өкілдері тұңғыш рет Кашмир сепаратистерінің жетекшілерімен тікелей келіссөздерін бастады.


НЬЮ-ДЕЛИ: Бүгін Үндістан басшылығының өкілдері тұңғыш рет Кашмир сепаратистерінің жетекшілерімен тікелей келіссөздерін бастады. Бақылаушылардың пікірінше, кездесу Кашмир үшін өзара бірнеше дүркін соғысқан Пәкістан мен Үндістанның қатынастарындағы оң құбылыстарды байқатады. Екі жақты жанжалдарда 65 мың адам опат болды. Үндістан Кашмир сепаратистерінің қолтығына су бүркейді деп талай рет Пәкістанды айыптап келсе, Пәкістан оны мойындамай келді.
XS
SM
MD
LG