Accessibility links

2004і жылдың 5 ақпанында Ұлы Британияның сыртқы істер министрі Джек Стро Астанаға сапармен келеді.


АСТАНА: Үстіміздегі жылдың 5 ақпанында Ұлы Британияның сыртқы істер министрі Джек Стро Астанаға сапармен келеді. Ол жөнінде Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен британ елшісі Джеймс Шарптың сәрсенбі күнгі кездесуінде сөз болды. ҚазААГ-тің хабарлауынша, дипломаттар Джек Строның сапарына қатысты мәселелерді талдап, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG