Accessibility links

Қазақстанда АҚШ доллары тағы да ойсырай құлдырап, осыдан 4 жыл бұрынғы деңгейіне түсті.


АСТАНА: Қазақстанның халықаралық валюта биржасындағы сәрсенбілік сауданың нәтижесінде АҚШ доллары тағы да ойсырай құлдырап, осыдан 4 жыл бұрынғы деңгейіне түсті. Валюталардың Ұлттық банк белгілеген айырбас бағамы бүгін, мысалға, 1 АҚШ доллары 139,80 теңгеден басталады, яғни доллар – сәрсенбідегі бағамынан 0,70 теңгеге арзандады. Оған қоса республика халқы АҚШ долларынан дереу құтыла бастады, нәтижесінде қолдағы доллардың айырбас бағамы тіпті 130 теңгеден де арзандап кетті.
XS
SM
MD
LG