Accessibility links

Еуроодақ Ресейге байланысты өз талаптарын қатаңдатпақ


Дүйсенбі күні Брюссельде Еуроодақта кезекті президенттік қызмет атқарушы Ирландияның Сыртқы Істер министрі, одақ Ресейге қатаң шаралар қолдануы керектігі туралы мәлімдеді. Еуроодақ Шешен еліндегі адам құқтарына баса назар аударып отыр.

Өткен күздегі Рим кездесуінен соң Брюссель бас қосуында Еурооодақтың Ресеймен қарым-қатынастары дағдарысқа ұшырап отырғандығы анық байқалды. Рим кездесуінде Мәскеу Еуроодаққа мүше мемлекеттердің өз ара қарамa-қайшылықтарын ұтымды пайдаланып Шешен еліндегі жағдайды жылы жауып қойып, әртүрлі саладағы серіктестікті дамытуда өз құндылықтарын енгізуге тырысты.

Қаңтардың 20-ы күні Еуроодақта кезекті президенттік қызмет атқарушы Ирландияның Сыртқы Істер министрі Брайан Коуен одақтың Ресеймен қарым-қатынастарына былайша тоқталды:

"Менің ойымша, таяуда орын алған жағдайаттарға сай, Еуропа Комиссиясына кіретін елдердің Министрлер Кеңесі, біздің Ресеймен арадағы қарым-қатынастарымыз нақты қандай деңгейде екендігін нақтылап алып оған байланысты қандай саясат қолданатындығымыз және біз болашақ келіссөздер өткізер кезде қандай стратегияны ұстанатындығымызды анықтап алуымыз керек."

Еуропа парламентінің жобасында Еуроодақ Ресейдің азат, демократиялық және еркін базар экономикасын құруына зор ықпал жасай алатындығы айтылады. Еуроодақ өзінің Ресеймен серіктестігінде "жұмсақ қауіпсіздік" мәселелеріне көңіл бөледі, атап айтқанда мемлекеттік шекараларды басқару, ядролық қауіпсіздік, экологиялық ластану, заңсыз көші-қон және халықаралық қылмыскерлік сынды маңызды мәселелерге көңіл аударады. Ал адам құқтары, демократия және заң үстемдігі мен Шешен еліндегі жағдай екінші дәрежелі мәселелер тізіміне енгізілген.

Еуроодақ Шешеністандағы жағдай бойынша, бір ауыздан сөйлеуі керек, әйтпесе ол қазіргі Еуропа ұстанатын құндылықтар мен қағидаларға түбегейлі түрде қайшы келеді,-делінеді Еуроодақтың соңғы хабарландыруында. Хабарландыруда Еуроодақ Ресей мұнай мен газына тым тәуелділік танытады, ал Ресей болса өзі Еуроодақ базарларына тәуелді екендігіне назар аударылады. Хабарландыруда сондай-ақ, Ресейдің Одақтың жаңа мүшелері 8 Шығыс Еуропалық елге алдын ала талаптар қоймай Достық және Серіктестік Келісіміне қосылудан бас тартып отырғандығына назар аударылады. Солардың қатарында Ресей, Эстония мен Латвиядағы орыс азшылығына арнайы жеңілдіктер берілуін алға тартып отыр.

Дүйсенбі күні Ирландия Сыртқы Істер министрі Коуен қайтадан Ресейдің алдын ала талаптарын кері қайтарды. Ол, Ресей Еуропа Комиссиясының, тіпті Кеңесінің шешімдеріне өз тарапынан өзгерістер енгізуі байқалады,-деді. Ресейдің жасаған саралауында, Достық және Серіктестік Келісімі мен Балтық бойындағы орыс азшылығы бойынша талаптары қатарында, одақтың жаңа мүшелер есебінен кеңейуі себебінен өзінің сауда саттықта жоғалтар шығындарының орнын толтыру өз алдына бір талап болып тұр, бұл Еуроодақтың таяу арадағы ең қиын түйіні болайын деп отыр.
XS
SM
MD
LG