Accessibility links

Еуроодақтың қаржыгерлері доллардың түсуіне қысқаша түсініктеме береді.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Осы аптадағы АҚШ долларының құлдырауының сәл бөгелуі, американ ақшасының көптен бергі түсуі тоқтайды деген сенім ұялатты. Доллардың түсуі мен оған қарама-қайшы еуроның өсуі Еуроодақ экономикасының қалпына келуіне қауіп төндіріп отыр. Осы аптада Брюссельде бас қосқан Еуроодақ қаржыгерлері бұған өз алаңдаушылықтарын танытты. Талдаушылар бірақ доллардың қалпына келуіне тым үлкен үміт артпауға шақырады. Олардың айтуынша, американ ақшасын әлі де алда қиыншылықтар күтіп тұр, бұларды тек АҚШ-тың өзі ғана шеше алады.

Ай басында АҚШ долларының Еуроодақтың ортақ ақшасы еуроға бағамы ең төмен деңгейге жетіп, 1 еуро 1 доллар 30 центті құрады, ал дүйсенбі күні ол сәл көтеріліп 1 доллар 24 центке жетіп қайта төмендеді. Бұған байланысты Еуропаның Орталық Банкінің экономисті Отмар Иссинг былайша баға берді:

"Біз бейжай емеспіз, бірақ бағамның тым құбылмалығына алаңдаушылық танытамыз."

Еуроның қымбаттауы Еуроодақтың 12-і елінің экономикасының жандануына қиыншылық тудырады. Қуатты еуро Еуроодақтың экспортын қымбаттатып жібереді. Ресми өкілдер экспортты өсіру арқылы экономиканы қалпына келтірмек. Күшті еуро Еуроодақтың азаматтарының өз ақшаларын шет елдерде жұмсауына итермелейді, сондықтан жергілікті экономикаға аз ақша түседі.

Лондондағы "Bear Stearns Investment Bank"-тың ғаламдық валюта стратегиясының басшысы Стив Барроудың айтуынша, доллардың тұрақтануы екі талай, бұл тез арада шешімін таппайды.

"Ең басты мәселе ол АҚШ-тың үлкен сауда жетімсздігінде. Бұл шамамен жылына 500 миллиард доллар. Бұл тым үлкен сауда жетімсіздігі. Менің ойымша, АҚШ-тық Буш әкімшілігі бұл сауда жетімсіздігінен құтылудың бір амалы ол белгілі бір мерзімге доллардың құнын түсіру екендігін түсінді," – дейді ол.

Әлсіз доллар бір шама уақыт ішінде америкалық сауда жетімсіздігінің орнын толтырып, АҚШ экспортын арзандатып және импортын қымбаттады. Бұл АҚШ-қа тиімді болғанымен басқа елдердің экономикаларына зиянын тигізеді. Әзірше АҚШ доллардың түскенінен еш қиыншылық көріп отырған жоқ.

Барроудың айтуынша, доллар келесі, не одан арғы жылы, 10 не 20 пайызға түсу ықтимал. Оның пікірінше, Еуропаның Орталық Банкінің қаржы базарларына араласуы долларды көтере алмайды, оның шешімі тек АҚШ-тың Федералдық Қор жүйесінің қолында. Оның айтуынша, Жапонияның қаржыгерлері де, Еуроодақтың қаржыгерлерінің өз валюталарының қымбаттауымен бетпе-бет келіп отыр.

"Біз тіпті белсенді түрде іске араласып еуроаймақ еуроның құнын түсірмекке тырыссақ та, мен оның нәтижеге әкелетіндігіне күмәнмен қараймын. Мен Жапонияға меңзей аламын, Жапон Орталық банкі доллардың түсуін болдырмау үшін ғаламат көп мөлшерде шығынданды, бірақ бұл жұмыс жасамады. Менің ойымша, Еуропаның Орталық Банкі сондай қадамдарға барса олда еш нәтижеге әкелмейді." Барроудың айтуынша, барлық мәселе ол доллардың әлсіздігі, немесе еуро мен иеннің күшінде емес. Бұл жағдайға тек АҚШ толық өзгеріс енгізе алады.
XS
SM
MD
LG