Accessibility links

Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құс тұмауынан сақтану үшін ауру белгісі білінген үй құстарын бірден бауыздап, ауру жұқтырудың алдын алу керек деп ескерткен.


Мұндай ескерту Тайланд пен Камбоджада жане Вьетнамда тұмаудың жаңа толқыны белең алып, бес адам қаза тапқаны жөніндегі хабардан кейін жасалған. Жапония мен Оңтүстік Кореяда, Тайванда да тұмау науқасының вирустары таралуда. Денсаулық сақтау ұйымының ғаламдық тұмау бағдарламасының жетекшісі кеселге шалдыққан құстарды тез арада жойып отыру, мәселені шешудің бірден-бір жолы деп атап көрсеткен. Қазірге дейін құс тұмауының құстан адамға жұғатындығы белгілі, бірақ ол адамнан адамға жұға ма, ол жағы белгісіз.
XS
SM
MD
LG