Accessibility links

Европадағы ғарыштық зерттеулер орталығының ғалымдары Марстағы орбиталық аппараттың планетаның төменгі қабатында қатып қалған су тапқандығын айтады.


Бұл Марста бір кезде тіршіліктің болғанын айғақтайтын дерек болуы мүмкін дейді. Аталған жаңалық бұдан ертеректегі Американың НАСА ғарыш агенттігінің ашқан деректерін растай түседі. Европалық ғалымдар инфрақызыл сәулелерді пайдалану арқылы мүздың дәл қай жерде орналасқанын анықтап отыр. Европа ғарыш агенттігінің директоры Дэвид Соутсвуд бұл алдағы ашылар көп жаңалықтың басы ғана деп атап көрсеткен: - Алдағы екі жылда көптеген жаңалықтар ашылады, біз қазір құпия перденің бір ғана шетін көтердік, - деген ол.
XS
SM
MD
LG