Accessibility links

Бүгін Грузияның сайланған преизденті Михаил Саакашвили салтанатты жағдайда ант қабылдайды.


Саакашвили қарашада елде болған толқулар мен ереуілдер салдарынан орнынан кетуге мәжбүр болған бұрынғы президент Эдуард Шеварднадзеден кейін президенттік таққа сайлау нәтижесіндегі жеңіспен келді. Кеше ол елді қайта көтеріп, біріктіруге уәде берді: - Мен осы жердің түлегімін. Менің ата-бабаларым осында жатыр. Мен масқара болатындай ұятты жағдайға қалмауға уәде беремін. Мен мұнда жиналған барлық грузин халқын және басқа да ұлт өкілдеріне алғыс білдіремін. Грузияның жаңа президенті алдында үлкен міндеттер тұр. Елдің тең жартысы кедейлік өмір сүріп жатыр, жемқорлық пен сыбайластық кең етек алған. Грузия президентінің ант беру салтанатына қатысатын шетелдіктердің қатарында АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл мен Ресейдің сыртқы істер министрі Игорь Иванов бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG