Accessibility links

АҚШ-ң мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл Ирақта жаппай қырып-жою қаруы болды ма, жоқ па деген мәселе басы ашық күйінде қалып отыр деп атап көрсеткен.


Пауелл кеше Грузияда мүмкін Саддам Хусейіннің қолында химиялық, биологиялық қару түрлері болмаған да шығар деген, ол бұл сөздерді АҚШ-тың жойқын қару іздестіру тобы жетекшілерінің бірі Дэвид Кейдің пікірлеріне байланысты қойылған сауалға жауап ретінде айтқан. Кей Ирақ басшыларында жаппай қырып- жою қаруы болды деп ойламаймын деп айтқан болатын-ды. БҰҰ-ң бас хатшысы Кофи Аннан Кей тәжірибелі инспектор, сондықтан да оның айтқандарына мән беру керек деп атап көрсеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG