Accessibility links

Ирақта болған соңғы шабуылда төрт тұрғын мен бес американ солдаты қаза тапқан.


Кеше Ирақта көтерілісшілердің ереуілі кезінде бес американ солдаты және үш Ирақ азаматы мен бір полицей қаза болған. Бағдадтың батысындағы Калдия қаласында автомобилдік бомба жарылысынан үш американ солдаты сол жерде опат болып, тағы да алтауы және бірнеше Ирақ азаматы жараланған. Фаллужа қаласына жақын жерде жол үстіндегі бомба жарылысынан да екі солдат қаза болған. Ал Самарра қаласында көліктегі бомба жарылған сәтте үш бейбіт тұрғын опат болып, басқа 33 адам жарақат алған. Самарраның губернаторы Шейкер Махмуд бомба шабуылының адамдар топталған жерде жасалғанын айтады: - Жарылыс сағат 10-да сот ғимараты алдында болды, мұның артында Самаррада бейбітшілік болғанын қаламайтындар тұр, - дейді ол.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG