Accessibility links

Қызыл планета – Марсқа АҚШтың кезекті бір Робот аппарат қонды


АҚШ-тың Калифорния штатынан хабарланғанындай, НАСА-ның келесі бір ұшқыш аппараты Қызыл планета – Марсқа аман-есен қонып, жексенбі күні таңертеңнен бастап, ол арадан ақ-қара түсті суреттер жібере бастаған.

- Біз Марсқа тағы да қондық. Ол сигнал-хабар жібере бастады, деп хабарланды.

Бұл қаңтар айы басында Марсқа Спирит аппараты қонғалы берігі ол араға барып қонған екінші бір Робот. НАСА-ның үміттенгеніндей, кейбір техникалық мәселелер реттелгеннен соң Спирит өз қызметіне толық кіріседі.
XS
SM
MD
LG