Accessibility links

Гүржістанның жаңа жас президенті Михаил Саакашвили Жексенбі күні президенттік қызметке отыруына орай ант берді.


Бұл ресми салтанат екі ай бұрын ол кездегі елбасы Э. Шеварднадзеге қарсы ереуіл шерулер өткен Тбилисидегі Парламент үйі алдында өтті. Саакашвилі алғашқы жарлығымен өзінің саяси партиясының байрағын Гүржістанның Жаңа жалауы етіп жариялады. Қаңтардың 24-і күні Саакашвили Гүржістан саяси шайқастардан бас тартады деді.

- Біз өте күрделі геосаяси жағдайдан жеңіспен жығуымыз керек. Гүржістанды беделді елдердің күрес майданына айналдырмауымыз лазым. Біз Ресеймен өзара жақын байланыста болуды қалаймыз. Мен америкашыл да, ресейшіл де емеспін. Мен Гүржістан мүддесін қорғаймын, - деді Саакашвили.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG