Accessibility links

Сергей Дуванов мәлімдеме таратты


Тәуелсіз журналист Сергей Дуванов төңірегіндегі алып қашпа әңгіме оның жартылай бостандық алғанынан кейін тіпті өрши түсті. Өзін алаңдатып отырған осы жайтқа қатысты С.Дуванов қаңтардың 22 сі күні мәлімдеме таратқан. Мәлімдемеде айтылғанындай С.Дуванов өткен жылдың желтоқсан айының 29 –ы күні Қазақстан заңы бойынша осыған дейін өз жазасын өткізіп келген ЛА155/8 түрмесінен жартылай бостандық жағдайын беретін ЛА155/13 қоныстық колониясына ауыстырылған. Түрмеде болған кезінде С.Дуванов тәртіпті, қандайбір заң бұзушылық жасамағаны үшін және де өзіне берілген жазаның үштен бірін өтегені үшін заңда көрсетілгеніндей жартылай бостандыққа шығарылды.

Бұл тек қана заңда көрсетілген бап бойынша соған негізделе отырып жасалған еді дейді С.Дуванов өзінің мәлімдемесінде.

Алайда, менің бұндай жағдайға қол жеткізуімді қайсыбір адамдар басқаша түрде түсіндіргілері келуде. Мысалы олар менің шартты түрде, шектеулі бостандыққа шығуыма ОБСЕ, Европарламент және АҚШ тың мемелекеттік департаменті секілді белді, беделді ұйымдар әсер етті, солардың қазақстан өкіметі алдына қойған талап, шарттарын қазақстан басшылығы амалсыз орындауға мәжбүр болды деп түсіндіргілері келеді. Бұны мен өте үлкен адасушылық, мәселені біле тұра әдейі бұрмалаушылық деп айтар едім дейді С.Дуванов өз мәлімдемесінде. С.Дуванов одан әрі өзінің мәлімдемесінде расында ОБСЕ, Европаламент және АҚШ-тың мемелекеттік департаменті тарапынан мені босатуды талап еткен талаптар мен өтініштер болды, бірақта қазақстан өкіметі олардың ешқайсысына көңіл бөліп, оны алып сөйлескісі келмеді, яғни пысқырып та қарамады дейді.

Көбінесе халықаралық ұйымдардың талап,тіліектері мен өтініштері жауапсыз қалып отырды дейді С.Дуванов.

Енді міне қазақстан өкіметі менің жеңілдетілген колонияға ауысымды өзіне пайдалы жаққа қарай бұрғсыс келеді яғни әне қараңдар кәмелетке толмаған жас қызды зарлаған Дуванов деген заң бұзушыны біз халықаралық ұйымдардың өтініш, талаптарына сай түрмеден босатып отырмыз деп түсіндіруге, халықты алдауға тырысып бағуда дейді С.Дуванов өзінің мәлімдемесінде. Мен өзіме тағылған бұл айыпты заңсыз деп танып оны ешқашан мойындамаймын, өзімнің ақ екенімді далелдеу үшін әлі де күресе беремін деген С.Дуванов өзінің мәлімдемесінде. С.Дуванов мәлімдемесінің соңында егерде Астана өзінің осындай саяси ойындарын тоқтатпаса онда өзі бұрын отырған түрмеге қайта баруды талап еткен өтініш жазуға дейін баратындығын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG