Accessibility links

«Нұра» өзеніне шәйінді сулардың жіберілуіне депутаттар наразы

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Астана тұтынған су шәйінділері тазартылып, «Талдыкөл» көліне жіберіліп келген. Бірақ қала тұрғындарының көбеюінен, тұтынымдағы судың да мөлшері артып, «Талдыкөл» көлі су жинауға аздық етіп отыр. Бұл мәселені шешудің бірнеше жолдары қаралған. Сөйтіп, тазартылған шәйінді суды «Нұра» өзеніне жіберуге шешім қабылданған. Бірақ Ақмола облысынан сайланған парламент депутаттары тазартылған шәйінді сулардың «Нұра» өзеніне жіберілуіне наразы.

Қаңтардың 26-ы күні Парламент Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова, осы мәселеге орай Үкімет басшысы Даниал Ахметовке сауал жолдады.

Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетованың айтуынша, тазартылған шәйінді су «Нұра» өзеніне жіберілген күнде оның кері әсері болады.

- «Нұра» өзеніне сол сулардың барлығын түсіретін болса, біздің табиғатқа ол үлкен қауіп. «Нұра» өзенінің суын біраз ауылдардың тұрғындары пайдаланып отыр. Біріншіден, таза болмаған суды қалай ішеді. Екіншіден, жер асты су қоймалары бар. «Сабынды» су қоймасының суы өте жақсы және Астана тұрғындарының келешекте оны пайдалануы туралы ғалымдардың ұсынысы бар. Үшіншіден, ең бастысы-жаман сулар «Теңіз» өзенін бүлдірейін деп жатыр. Өйткені, «Теңіз» өзені сирек кездесетін өзен. Оның суының сапасы өз табиғатпен жасалған. Қоқиқаз құсы осы өзенді мекендейді. Енді осы судың сапасын аққан сулар өзгертуі мүмкін. Эокологтар солай деп айтуда. Кейінгі кездері су көп барып жатыр, соның нәтижесінде қоқиқаз деген құстың ұшып келуі сиреді. Теңіз өзенінің суы толса, қоқиқаз мүлдем ұшып келмеуі мүмкін. Өйткені, оның қоректенетін артемия деген өсімдік тек сол жерде ғана өседі. Сондықтан тазартылған шәйінді суды «Нұраға» ағызуға болмайды. Басқа жақтарын қарау керек, -деді депутат Светлана Жалмағамбетова.

Депутат, осы мәселеге алаңдаушылық білдіріп отырған қоғамдық ұйымдардың аталғандай жағдай «Нұра» өзенінің суын пайдаланып отырған халыққа және табиғатқа қауіпті екенін айтуда дейді. Ал, «Нұра» өзенінің бойында Қарағанды облысының елді-мекендері де тұрады
XS
SM
MD
LG