Accessibility links

Үкiмет ұсынған сайлау туралы конституциялық заңға өзгертулер енді

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Қаңтардың 26-күнi өткен Қазақстан Парламентiнiң бiрлескен отырысында Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық Заңына өзгерутлер мен толықтырулар енгiзу туралы Заң жобасының екi нұсқасын бiр айға жуық талқылаған бiрлескен комиссия Үкiмет ұсынған заң жобасына тоқталуға болады деген ұсыныстарын айтты. Ал “Ауыл” фракциясының депутаттары өздерi ұсынған Заң жобасын қайтарып алды. Естерiңiзге сала кетейiк, “Сайлау туралы Конституциялық Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы” Заң жобасына қатысты Парламентке үш нұсқа келiп түскен едi. Оның бiрi “Отан” партиясының ұсынған Заң жобасы-тын. Алайда олар алғаш талқылау кезiнде-ақ өздерiнiң ұсынған Заң жобасын қайтарып алған болатын. Нәтижесiнде бiрлескен комиссия “Ауыл” фракциясы мен Үкiмет ұсынған Заң жобасын талқылап, қарайтын болып шешкен-тiн. Ендi “Ауыл” фракциясының төрағасы Ғани Қалиев өздерi ұсынған заң жобасының не себептен қайтарып алғандығын былайша түсiндiредi: “Бiз бiрнеше даулы болып отырған баптар бойынша Үкiметпен келiстiк. Мысалы участкелiк комиссия мен округтiк комиссияда жетi адамнан тұрсын деп келiсiмге келдiк, бiрақ сол жетеуi әр партияның өкiлiнен құралсын дедiк. Үкiмет бұл ұсынысымызбен келiсiп отыр”.

Алайда Ауыл фракциясына мүше депутаттардың iшiнде Ерасыл Әбiлқасымов қана бұл шешiмге келiспей отырған көрiнедi. Бiрақ Ғани Қалиевтың айтуынша Ерасыл Әбiлқасымов жақында “Ауыл” фракциясынан шығып, Коммунистер партиясына кеткендiктен оның ұсынысын қабылдамадық дейдi.

Сонымен Үкiмет ұсынған Сайлау туралы Конституциялық Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы Заң жобасын талқылау барысында Коммунистер партиясының жетекшiсi Серiкболсын Әбдiлдин бұл заң жобасын қабылдамай тұрып, Қазақстанның Конституциясына өзгерiстер енгiзу қажет деген пiкiрiн айтты. Себебi депутаттар тарабынан ұсынылған өзгертулдердiң көбi Қазақстан Конституциясының баптарына қайшы келедi. Ал аталмыш Заң жобасына қатысты үкiмет тарапынан сөйлеген Әдiлет министрi Оңалсын Жұмабеков “бiз бұл заң жобасына өзгерiстер енгiзудi жоспарлап отырған жоқпыз, сондықтан депутаттардың ұсынған өзгертулерi мен толықтыруларына ешқандай қарсылық бiлдiрмеймiз” деген пiкiрiн бiлдiрдi.

Үкiметтiң осындай көзқарасынан кейiн Парламент депутаттары басым дауыспен Үкiмет ұсынған Заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады. Екiншi оқылымды ақпан айының 20- да талқылайтын болып шештi. Бiрлескен комиссияның төрағасы Жазбек Әбдиевтiң айтуынша, Үкiмет ұсынған заң жобасына қатысты депутаттардың 600-ге тарта өзгертулерi мен ұсыныстары бар.
XS
SM
MD
LG