Accessibility links

Бұрыңғы одақтас республикалар, қазіргі көршілес тәуелсіз елдер бір-біріне қарсы шпиондық жұмыс жүргізе бастады


Тәжікстан соты шегара қызметінен күзетші лейтенант Фармон Фазыловтың үстінен жабық сот ісін жүргізіп, оның Өзбекстан қауыпсыздық қызметі үшін жұмыс істеп, құпия әскери дерек-мәліметтерді сатқандығы үшін 20 жыл бас бостандығынан ажыратқан.

Ал Ереван қалалық соты көршілес ел Әзірбайжан үшін шпиондық еткен бес армян азаматын 15 жылға дейінгі мерзімге түрмеге жапқан. Арасында бұрынғы Қорғаныс министрлігі қызметкері де бар, ол топ 1993-жылдан тұтқындалған 2002-жылға дейін Бакуге Армениядағы әскери, экономикалық құпия деректерді жеткізіп тұрған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG