Accessibility links

“Асар” партиясының бірінші құрылтайы өтеді

  • Досан БАЙМОЛДА

Қаңтардың 31 і күні Алматыда, мемелекеттік Абай атындағы опера және балет театрының ғимаратында республикалық «Асар» партиясының бірінші құрылтайы өтпекші. Бұл туралы радиомызға осы партияның баспасөз хатшысы Алексей Буряк қаңтардың 28 і күні хабарлады. Оның айтуынша бірінші құрылтай өткізуге арналған дайындық жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Құрылтайға Қазақстанның түкпір түкпірінен 400 ден астам өкіл қатысқалы отыр.

Асардың бірінші құрылтайында партия бағдарламасы қаралып, оны бекіту жұмысы, партияның таяу болашақтағы жоспарларын айқындау мәселері талқыланғалы отыр. Сонымен қатар партияның парламентегі фракциясы алдында тұрған міндеттер мен аймақтарда бөлімшелер мен өкілдіктер құру мәселелері сөз болмақ.

Алдағы сенбі күні Алматыда басталатын құрылтайда Республикалық Асар партиясының төрайымы Дариға Назарбаева сөз сөйлейді. Одан соң партия төрайымының орынбасары Ерлан Қарин және де партияның орталық кеңесінің бірқатар мүшелері партия алдындағы мақсат, оны қалай орындау жөнінде жарыс сөзге шығады.

Асар партиясы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған бағыт бағдарды жан жақты қолдауды өзінің басты мақсаты санайды.

Қаңтардың 31 і күні Алматыда болатын партияның бірінші құрылтайына Қазақстандық саяси партиялардың жетекшілерінен тысқары шетелдік саяси пртиялардың да жетекшілері де қонақ ретінде шақырылып отыр.
XS
SM
MD
LG