Accessibility links

Шардара су қоймасында туындап отырған проблеманы үш жақтап шешкен жөн

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Қазақстандағы “Аграрлық” партияның парламенттегі фракциясы Қырғызстан мен Өзбекстан Парламенттетіне арнаған үндеуінде “Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің Үкіметтері бірнеше жылдар бойы Сырдария өзенінің суын бірлесе тиімді әрі оңтайлы пайдаланудың шешемін таба алмай келеді. Соның салдарынан жыл сайын шекаралас аймақтардың тұрғындары біресе судан тапшылық көрсе, біресе оған қарық болады. Қазір Сырдария өзенінің арнасымен Шардара су қоймасына келіп жеткен судың толассыз көбеюінен Қазақстанның Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендеріне су астында қалу қаупі төніп тұр.

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметтерінің үш жақты келіссөзі өтіп, онда нақты уағдаластыққа қол жеткізілген сияқты еді. Қазақстан Қырғызстанға отын шикізатын жеткізуді міндетіне алса, Қырғызстан оған жауап ретінде өз тарапынан Нарын су-электр станциясынан келетін су мөлшерін азайтуы тиіс еді. Ал Өзбекстан жағы өзінің егістік алқаптарын суару үшін қосымша су алуға және Арнасай ойпатын сумен қамтамасыз етуге міндеттенген. Алайда үш жақ бірдей өз міндеттерін толық көлемде жүзеге асырмағандықтың салдарынан бөгеттің бұзылып, елді мекендерді су басу қаупі сақталып отыр, осыған байланысты суды бірлесе пайдалану мәселесін шешуде күш-жігерлеріңізді жұмылдыруға шақырамыз”- делінген аталмыш үндеуде.

Осы мәселе бойынша қаңтардың 28-і күні болған Парламент Мәжілісінң жалпы отырыснда депутатар алдында сөйлеген сөзінде “Аграрлық” партияның мүшесі депутат Нұрбах Рүстемов: “мамандардың болжауынша бұл жағдай эколгиялық әрі әлеуметтік апатқа ұшыратады және бұл тек Қазақстанға ғана емес, аталған Қырғызстан мен Өзбекстанға да зиянын тигізеді”, - деді.

Сондай-ақ, Нұрбах Рүстемов: “Бұл көп уақыт күттірмейтін мәселе болғандықтан тезірек шешім қабылдаған жөн”, - дейді.

“Бұл мәселе түбегейлі бүгін-ертең шешілмесе ол ендігі аптада кеш болуы мүмкін. Олай дейтініміз Шардарағ келетін су көбейсе әрі ғарай апат басталып кетеді”.

Мәжіліс депутаты Шерхан Мұртаза “мұндай жағдайдың орын алуы үкімет басындағылардың ертеңгі күнді ойламайтындығы”, - деді.

«Халықта “судың басында отырғандар су ішеді, судың аяғында отырғангдар у ішеді” деген сөз бар. Биыл ғана емес, келесі жылы да бұл мәселе қайталанады. Түбегейлі шешудің жолын табу керек. Дәл бүгінгі күнді емсе, ертеңгі күнді де ойлаған дұрыс.

Ал Сырдарияның жағдайы оның түбі балшыққа толып қалған. Ешқашанда тазаланбайды. Ешкімнің қамқорлығы жоқ. Егер арнасын тазалап тұрса қалпына қайта келмей ме. Мынау айдалаға кетіп жатқан суды сол Аралға құйса қайтеді. Үкімет осыны ойламайды, шолағымен қайрады. Тек бір күндік тіршілік».


“Аграрлық” партияның парламенттегі фракциясының бұл үндеуін Парламент Мәжілісінің депутаттары бур ауыздан қолдап, үндеудің мәтінін толықтырып, тек Қырғызстан мен Өзбекстанның парламенттеріне ғана емес, сондай-ақ үш елдің ел басыларына да осы үндеуді Қазақстан Парламенті Мәжілісінің атынан жолдау керек деген шешімге келді.
XS
SM
MD
LG