Accessibility links

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттік күресті өзінен бастамақ


Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі осы саладағы күресті өз қызметкерлеріне талапты қатайтудан бастамақ.

Бұл туралы қаңтардың 28-і күні Агенттіктің төрғасы Болатбек Бұлғақбаев журналистерге мәлімдеді.

- «Жақында біз өз қызметкерімізді парамен ұстадық. Бүгін түнде бұрынғы 9-шы департаменттің екі қызметкері парамен ұсталды. Дәлелді бұрмалағаны үшін Солтүстік Қазақстандағы біздің қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өз қатарымызды тазалау бірінші кезекте атқарылуда, - деді агенттік төрағасы Болатбек Бұлғақбаев.

Агенттік коррупциямен күресті осы қылмыс түрі жиі көрініс тауып отырған салаларда жүргізбек. Бұл орайда экономиканың ондай секторлары анықталмақ. Екінші мәселеде, заңды бизнеске кедерге келтіріп отырған коррупциямен күрес аталды. Жеке құрамның жұмысының бірінші кезектегі міндеттері осы екі бағытта жүргізілетін болады,-деді агенттік төрағасы.

Агенттік төрағасының айтуынша, халықты тұрмыстық коррупция мазалауда. «Салық комитетінде ол бар. Кез-келген анықтама қағазды алуды жеделдету үшін аз да болса ақша төлеуге тура келеді. Тіпті 500 теңге болса да сұрайды. Бұл тұрмыстық корупция елдің беделіне көлеңке түсіреді. Біз бұл мәселемен айналысамыз. Мемлекеттік сатып алу саласымен де жұмыстану керек шығар.

Мемлекеттік қызмет әрқилы тексеруші органдар көп. Олардың барлығы және қаржы полициясы да осымен айналысатындығын жоққа шығара алмаймын,- деді Болатбек Бұлғақбаев.

Агенттік төрағасының айтуынша, тұрмыстық коррупцияны анықтауда биылғы жылы бір салаға ал келесі жылы басқа салаға бағытталған жұмыс жасалады.

Ал, Агенттіктің ұйымдастыру–бақылау департаменті штабының бастығы Нұрсейіт Байжановтың айтуынша, кәсіпкерге шенеуніктің қысымын азайту үшін лицензия берудің тәртібі қайта қаралады. Агенттік бүкіл лицензия түрін беруді әділет органдарына беруді ұсынып отыр.

Сондай-ақ оның айтуынша, агенттік банкроттық жасаудың кейбір процедурасын қайта қарауды ұсынып отыр.Оның айтуынша, елде банкрот болып жабылған кәсіпорындардың тек алты пайызы ғана бюджет алдындағы қарзын өтейді.

Сондықтанда таратылатын кәсіпорын ендігі кезекті алдымен осы жағдаймен салық және кеден органдарын хабардар етуі керектілігі ұсынылып отыр,-дейді Нұрсейіт Байжанов.

Сондай-ақ агенттік, биылғы жылы көлеңекелі экономиканы азайтуға жұмыстанбақ.
XS
SM
MD
LG