Accessibility links

Қазақстан Парламентінде «Ассанди Таймс» газетін таратуға тыйым салынды

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Өткен аптада Қазақстан парламенті мәжіліс аппаратының басшылары Қазақстан билігіне қарсы оппозиялық депутаттардың көмекшілеріне «Ассанди Таймс» газетінің кезекті нөмірін таратуға тыйым салған. Оппозициялық депутаттардың көмекшілеріне мемлекеттік қызметкер екендіктерін естеріне салып, енді аталмыш газетті тарататын болсаңдар қызметтен кетесіңдер деген ескерту жасаған. Осыған байланысты Парламент Мәжілісінің депутаты Серікбай Әлібаев «Ассанди Таймс» газетін Парламентке таратуға тыйым салып отырған, Парламент Мәжіліс аппаратының секретариат меңгерушісі Керім Пірімқұлов пен Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары Василий Осипов ақпаратты еркін алуыма менің Конституциялық құқығыма нұқсан келтірді деп мәлімдеме жасады.

Қазақстан Парламентіне апталық талдау «Ассанди таймс» газетін таратуға не үшін тыйым салып отырғандығын сұрап, Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары Василий Осиповқа хабарласқанымызда, ол мұндай мәселені мүлдем жоққа шығарды.

Ал Мәжіліс депутаты Серікбай Әлібаев Осиповтың жоғарыдағы берген жауабына Қазақстандағы заң жүйесінің дұрыс орындалмайтындығынан деп түсіндіреді.

Осы мәселеге орай өткен жылдың аяғында ғана Мәжілісте қаралған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң жобасын талқылаған жұмысшы топтың төрағасы болған Әбдіжәлел Бәкірдің пікірін сұрағанымызда Үкіметтен тіркеуден өткен кез-келген газеттің таратылуына тыйым салуға болмайды деген ойын білдірді.

«Ассанди Таймс» газетіне қатысты Мәжіліс депутаты Серікбай Әлібаевтың мәлімдемесінен кейін Мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбай Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары Василий Осипов пен Парламент Мәжіліс аппаратының секретариат меңгерушісі Керім Пірімқұловты егер Қазақстан Заңын білмейтін болса, қайта аттестациядан өткізіңдер деген тапсырма беріп отыр.
XS
SM
MD
LG