Accessibility links

Павлодарда ҚР ІІМ Ішкі әскері күштерінде мерзімді борышын өтеп жүрген сарбаз адамдарды кепілдікке алып, оларды түні бойы ұстады,- деп хабарлайды Kazakhstan today тілшісі.


Жауынгер бөлімшені тастап шыққанда өзімен бірге Калашников автоматын ала кеткен. Ол қаңтардың 28-інен 29-ына қараған түні қала шетіндегі "Нил" дүкенінде адамдарды кепілдікке алды. Тәртіп сақшыларын көрген жауынгер оңды-солды оқ ата бастаған. 3 сағатқа созылған келіссөздер барысында жауынгер өзіне кроссовка аяқ киімі мен оққа толы екі бірдей оқтізері бар "Макаров" тапаншасын беруді талап етті. Қашқын қосынмен байланыс орнатып, дүкен ішіне кірген облыстық ІІБ бастығының орынбасары Дулат Тойғанбаев операция аяқталғанға дейін сонда болды. Адамдарды кепілдікке алған сарбаз ҚР ішкі әскерінің қолбасшысы Қайырбек Сүлейменовпен сымсыз телефон арқылы сұхбатқа келіскен. Қолбасшы әскерді кепілдікке алынған адамдардың өміріне қауіп төндірмей берілуге көндірді.
XS
SM
MD
LG