Accessibility links

Бүгін, 29-қаңтарда, өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Өсімдік шаруашылығын міндетті түрде сақтандыру туралы" заң жобасын қарады,- деп хабарлайды Kazakhstan today тілшісі Астанадан.


Сенаттың жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімовтың айтуынша, "Заң жобасының басты мақсаты - өсімдік шаруашылығы саласындағы өнім өндірушілердің мүліктік мүддесін қолайсыз табиғи құбылыстардың залал-зардабынан сақтау болып табылады". А.Есімовтың айтуынша, бұл мақсатқа 2004-жылғы республикалық бюджетте 2 млрд. теңге қарастырылды. "Өсімдік шаруашылығы саласындағы міндетті сақтандыру туралы " заң жобасы Сенат тарапынан енгізілген түзетумен мәжіліске кері қайтарылды.
XS
SM
MD
LG