Accessibility links

Чех республикасының вице-премьері һәм сыртқы істер министрі ресми сапармен Қазақстанда жүр

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Цырил Свобода Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауынан кейін, журналистермен кездесті.

Өз сөзінде Цырил Свобода: “Чех республикасы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ниет білдіріп отырғандығын және Еуропаданың Ынтымақтастық және Қауірпсіздік жөніндегі ұйымына төрағалыққа ұсынылып отырған Қазақстанның кандидатурасын қолдайды” деді. Сондай-ақ ол, Чех Республикасы чех кәсіпкерлерінің қазақстан базарында табысты болуына мүдделі - деді.

Чех республикасының Вице-Премьері-сыртқы істер министрі Цырил Свобода екі жақты кездесу барысында қозғалған мәселе бойынша тоқталды.

“Онда «Шкода» зауытының жобасы туралы мәселе қозғалып, Чех көлігінің Қазақстанда құрастырылу мүмкіндіктері жайында айтылды”- дейді Чех сыртқы істер министрі. “Аталған жобаның жүзеге асатындығына сенімдімін және болашақта қазақстандықтар өздерінде құрастырылған “Шкода” көлігін мініп қалуы мүмкін”, -деді ол.

Брифинг барысында сөз алған Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев: “Шкода” автокөлігін Өскемен қаласындағы ресейлік “Лада” зауытының аясында құрастыру көзделген. Қазіргі кезде бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі қаралуда”- деді.

Чех Республикасының Вице-Премьері-сыртқы істер министрі Цырил Свобода журналситермен кездесу барысында, Чех республикасының Президенті Вацлав Клаус мырзаның Қазақстанға ресми сапармен келетіндігін және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Чех Республикасына арнайы шақыратындығын хабарлады. Чех Президентінің Қазақстанға сапары үстіміздегі жылдың маусым –шілде айларына жоспарлануда.

Сондай-ақ бирифинг барысында Ямбург келісімі бойынша Қазақстанның Чехияға қарызын өтеу мәселесі айтылды. Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың айтуынша, “бұл үкіметтік кепіл берілмеген шаруашылық субьектілерге байланысты Қазақстанның Чехияға қарызы туралы мәселе. Қазақстан жағы бұл мәселеге назар аударып, оны екі жақты келіссөздер негізінде шешуге ниет білдіруде. Қазақстан бұл қарызды Чех республикасына Словакия шекарасы арқылы 2,5 -3 миллиард текше метрге жуық табиғи газды беру жолымен өтеуге мүдделі. Бұл да келіссөздерге байланысты болғандықтан, мәселенің қалай шешілетін жөнінде әзірге айту қиын. Ол туралы арнайы комиссия құрылып, сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Сондықтан, келіссөздер барысында мәселе екі жаққа да тиімді шешіледі деп сенемін”, - деді сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев.

Ал Цырил Свобода мырза аталған мәселенің екі жаққа да тиімді реттелуінің маңыздылығын атап өтті. Ямбург келісімі Кеңестер Одағы кезінде жасалған. Келісім бойынша Қазақстан Чехия тарапынан көрсетілген қызметтер мен жұмыс күші түріндегі көмектің қарызын өтеуге тиіс.
XS
SM
MD
LG