Accessibility links

Иранда саяси дағдарыс жалғасып жатыр


Иран ішкі істер министрі Абдулвахид Мұссави-Лари 20 ақпанға белгіленген парламент сайлауын кейінге қалтыруды тағыда сұрады. Діни басшы Аятолла Әли Хаменеиге тәуелді Иран сақшылар кеңесі екі мың үміткерді сайлаудан қалтырып отырғаны бұған негіз, сайлау әділетсіз өтпек деп айтылды. Парламенттің реформашыл бағыттағы 87 депутаты да қара тізімге ілінді. Олардың арасында президент Мұхамед Хатамидің інісіде бар. Ал Мұхамед Хатамидің өзі болса кеше белі шойылып ауырып қалды. Сондықтан саяси дағдарысты талқылауға тиісті үкімет отырысы өтпей қалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG