Accessibility links

Қасиетті қажылық жалғасып жатыр


Екі миллиондай халық кеше Арафат тауында құлшылық жасады. Қалың елдің алдында сөйлеген Сауыд Арабия діни басшысы Шейх Абдұл Әзіз Әл Шейх елде жақында террорлық шабуыл жасағандарға лағнет айтты. Моджахеддинмін деп өздерін дәріптейтіндер шын мәнінде мұсылмандардың қанын төгіп, ел тыныштығын бұзып жатыр деді ол. Сауыд Арабия діни басшысы, сондай ақ, халықаралық қауымдастық уахаббизмге босқа шүйлігеді деп мәлімдеді. Исламның қатаң түрі - уахаббизм - негізінен Сауыд Арабияда тараған.
XS
SM
MD
LG