Accessibility links

Француз президенті бұрынғы премьер-министрді айыпты деп үкім шығарған судьяларға қоқан-лоқылық жасалды деген хабарды тексеретін арнайы комиссия тағайындады.


ПАРИЖ: Франция президенті Жак Ширак бұрынғы премьер-министр Алан Жюппені айыпты деп үкім шығарған судьяларға қоқан-лоқылық жасалды деген хабарды тексеретін арнайы комиссия тағайындады. Судьялардың қоқан-лоқылықтар мен қысым туралы шағымдары үкімет төрағасының кеңсесіне келіп түсті. Өткен жұмада Париж соты А.Жюппенің мемлекет қаржысын Ж.Ширак бастаған партияны қаржыландыруға пайдаланды деп үкім шығарды.
XS
SM
MD
LG