Accessibility links

Ислам төңкерісі сақшылары Кеңесінің сайлауалды науқанына килігуіне наразылық ретінде Иран парламентінің 120-ға жуық депутаты депутаттықтан кететінін мәлімдеуде.


ТЕҺРАН: Кертартпа Ислам төңкерісі сақшылары Кеңесінің сайлауалды науқанына килігуіне наразылық ретінде Иран парламентінің 120-ға жуық депутаты депутаттықтан кететінін мәлімдеуде. Парламентте сөйлеген сөзінде оның спикері Меһди Карруби ілгерішіл көзқарастағы 4 мыңдай үміткерді және оның ішінде қазіргі 84 депутатты сайлаудан аластатқан сақшылар Кеңесінің іс-әрекетін ащы сынға алды. Оның мәлімдеуінше, депутаттарды сақшылар Кеңесі емес, халық сайлауға тиіс.
XS
SM
MD
LG