Accessibility links

Ақтөбе қалалық сотында Демократиялық “Ақ жол” партиясының жергілікті жетекшісі Ізімғали Көбеновтің үстінен қозғалған қылмыстық іс қарала бастады.


АҚТӨБЕ: Ақтөбе қалалық сотында Демократиялық “Ақ жол” партиясының жергілікті жетекшісі Ізімғали Көбеновтің үстінен қозғалған қылмыстық іс қарала бастады. Қылмыстық істің материалдары бойынша, Ақтөбе облыстық клиникалық ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған 1997 жылы І.Көбенов бір жеке-меншік кәсіпорын арқылы 20 мың доллардың жанаржағар майын сатып, ол қаржының 15 пайызын қалтасына салған. Егер оның айыбы сотта дәлелденетін болса, 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. І.Көбеновтің өзі айыптарды мойындамай, “қылмыстық іспен тіпті таныс та емеспін” деп мәлімдеуде.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG