Accessibility links

Осыдан 1 жыл бұрын Ирақтың ядролық қаруы бар деп мәлімет берген АҚШ-тың барлау қызметтерінің іс-қимылына тәуелсіз тергеудің басталатынын Дж.Буш осы аптада жариялауы ықтимал.


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж. Буш осыдан 1 жыл бұрын Ирақтың ядролық қаруы бар деп мәлімет берген АҚШ-тың барлау қызметтерінің іс-қимылына тәуелсіз тергеудің басталатынын осы аптада жариялауы ықтимал. Ақ үйдің есімі аталмаған өкіліне сілтеме жасаған Батыс ақпарат құралдары осылай деп хабарлауда. Оның алдында ғана Ирақтағы АҚШ сарапшыларының бұрынғы жетекшісі Дэвид Кей тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG