Accessibility links

“Қазақстандағы сайлау туралы” конституциялық заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы парламент палаталарының бірлескен комиссияның бүгінгі бас қосуында талданады.


АСТАНА: “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” конституциялық заңға өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасы республика парламентінің қос палатасы бірлесіп құрған арнайы комиссияның бүгінгі бас қосуында талданбақшы. Оған қоса парламент мәжілісінің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінде құрылған жұмыс тобы бүгін “Қазақстанның Даму банкі туралы” заңға енгізілетін өзгерістерді талдайды. Парламент мәжілісінің баспасөз-қызметінен хабарланғандай, осы күні аталмыш комитеттің төрағасы Қаратай Тұрысовтың 70 жасқа толуы атап өтілмек.
XS
SM
MD
LG