Accessibility links

Д.Оразалинов: 2005 жылдан бастап Қазақстанда қалалардың телефондық кодтары өзгеретін болады.


АСТАНА: 2005 жылдан бастап Қазақстанда қалалардың телефондық кодтары өзгеретін болады. Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Қазақстан Агенттігі төрағасының орынбасары Дулат Оразалиновтың “Панорама” газетіне хабарлағанындай, 2003 жылдың күзіне дейін және осы жылдың қаңтарында Ресеймен арада 6 және 7 жүздіктегі 200 код толық келісілген. Демек 2005 жылдан кейін, мысалға, Алматының коды қазіргі 8-32-72–ден 8-62-27 немесе 8-72-72 болып өзгеруі мүмкін. Д.Оразалиновтың айтуынша, жаңа кодтарға өту үшін телефон жүйесін жетілдіру жұмыстары түгел іске асырылған, ал ол жоба осы жылдың соңында қолға алынады.
XS
SM
MD
LG