Accessibility links

ҚР диабет қауымдастығының өкілдері 2005- жылға арналған бюджет кодексінде дәрі- дәрмектерді орталық бюджет арқылы сатып алудың тоқтатылатынына қарсы.

  • Сәуле ОМАР

5- ақпанда ҚР парламент сенаты бюджет кодексінің жобасын қарайды. Аталған жобада емдік дәрі- дәрмектерді орталық бюджет арқылы сатып алуды тоқтату қарастырылған. Ал бұл жайт кейбір науқас жандардың өміріне қауіп тудырғалы тұр. 2-ақпан күні осылай деп мәлімдеген ҚР диабет қауымдастығының өкілдері 2005- жылға арналған бюджет кодексінде кейбір азаматтардың өмір сүруі үшін қажетті инсулин сияқты дәрі- дәрмектерді орталық бюджет арқылы сатып алуды қалдырып, ал жергілікті бюджетке оны біртіндеп көшіру қажеттігін жеткізді.

«Инсулин дәрі- дәрмек емес. Инсулин диабет ауруына шалдыққан адамдар үшін өмірмен тең, сондықтан оның жоқтығы , науқастың өмірін үзуі мүмкін» дейді диабет қауымдастығының басшысы Наталья Тукалевская. Сондықтан да, аталған қауымдастық өкілдері 2005- жылға арналған бюджет кодексінде дәрі- дәрмектерді орталық бюджет арқылы сатып алудың тоқтатылатынына қарсы.

«Қант диабетімен ауыратын адамдар соңғы үш жыл көлемінде республикада инсулинді уақтылы сатып алу жүйесінің қалыптасқаны есебінен өмір сүруде. Ал облыстардың басым бөлігінде диабетке қарсы дәрі- дәрмектерді сатып алуға жауапты адамдардың , көп жағдайда, кәсіби біліктілігі төмен болады немесе, дәрі- дәрмектерді уақтылы сатып алу ауқымы өзгеруі мүмкін» дейді Түкалевская.

Наталья Тукалевскаяның айтуынша, дәрі- дәрмектерді сатып алу міндетін жергілікті жерлерге жүктеуге әрекет жасаған Қазақстанның денсаулық министрі өзінің жұмысын азайтқанымен, адамдар өмірін құрбандыққа шалуы мүмкін. «Біз республика аумағанда инсулинге қатысты 95- 97- жылдардағы жағдайдың қайталанбауын алдын- алуға тырысудамыз, ал ол кездері инсулиннің жетіспеушілігінен және бұл мәселенің түпкілікті шешімі табылмағандықтан, біз халықаралық ұйымдардан көмек сұрауға мәжбүр болғанбыз» дейді ол.

Ал Алматы қалалық мәслихатының депутаты Талапқали Ізмұхамедовтың пікірінше, жергілікті бюджет қоржыны сол облыстағы науқастарға қатысты инсулин дәрісін сатып алуды көтере алмауы да мүмкін. Оның үстіне, дәрі- дәрмектерді орталық бюджеттен сатып алу жойылса,оған кетер шығын көлемінің 20 процентке өсу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Жалпы алғанда., бүгінде республикада диабет уруына шалдыққан 106000 науқас тіркелген. «Бұл тек ресми тіркелгендері,ал негізінде олардың саны бұдан кем дегенде 3 есеге көп» дейді республикалық диабет қауымдастығының өкілдері. Ал ол науқастар үшін инсулин сатып алуға жыл сайын бюджеттен 1 млрд 400 млн теңге шамасында қаржы жұмсалады.
XS
SM
MD
LG