Accessibility links

АҚШ елбасы Джордж Буш Ирақтағы қалыптасқан жағдайға байланысты тәуелсіз зерттеулер жүргізуге нұсқау бермекші.


АҚШ ресми өкілдерінің айтуынша, бұл зерттеулер барысында, Ирақ соғысына Құрама Штаттары басында қандай үмітпен кірісіп, ал қазір шын мәнінде қандай жағдайдың қалыптасып отырғандығы анықталатын болады. Әсіресе, АҚШ-тың қару- жарақтарды тексеру бойынша комиссиясының бұрынғы басшысы Девид Кей мырза, аталған елдегі тексеру-зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін: “Ирақта ешқандай жаппай қырып-жойатын қару-жарақ болмаған-, деп мәлімдеме жасағаннан кейін жоғарыда айтылған тәуелсіз тексерудің жасалуын талап етушілер саны көбейе түсуде.
XS
SM
MD
LG