Accessibility links

Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мұсылман қауымды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.


Ол әрбір отбасындағы, әрбір азаматтың жасаған мінажаттары Жаратушы тарапынан қабыл болсын-, деді. Бұл жөнінде Казакстан тудей ақпарат агенттігіне елбасы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Ол өз сөзінде соңғы жылдары елде діни наным-сенімдегі тұрғындар санының көбейе түскендігін айтты. Әртүрлі дін өкілдерінің мемлекетте өзара түсіністік, келісім жағдайында өмір сүріп жатқандығын елбасы тілге тиек етті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG