Accessibility links

Қазақстанда оппозициялық Ассанди-Таимс газетінің қызметкері соққыға жығылды

  • Досан БАЙМОЛДА

Қаңтардың 30 і күні кешкісін полиция қызметкерлері опозициялық Ассанди- Таимс газетінің редакция қызметкері, газеттің таралымы жөніндегі менежері Светлана Рычкованы заңсыз ұстап, оны аяусыз ұрып соққан оқиғаға байланысты ақпанның 3 і күні Ассанди Таимс газетнің бас редакторының орынбасары Галина Дырдина және осы оқиғаның құрбаны болған газет қызметкері Светлана Рычкина Қазақстан баспасөз клубінде БАҚ - өкілдерімен кездесіп оқиғаның мән жайы туралы хабардар етті. Полиция тарапынан соққыға жығылып, құқығым аяққа тапталды деп отырған газет қызметкері Светлана Рычкованың айтуынша сол қаңтардың 30 ы күні кешкісін ол өзінің екі дос қызымен бірге өзі қәзір тұрып жатқан Талғар қаласындағы тұрғын үйдің подьезі алдында автомашинасының ішінде кеңесіп отырады. Дәл осы кезде Талғар ауандық ішкі істер бөлімінің патрульдік- күзет қызметінің машинасы Светлананың машинасына жақын тоқтап, машина ішінен түскен полицейлер өздерінің ешбір құжат қағаздарын көрсетпестен, машина ішіндегі қыздарды зорлап түсіріп, өз машиналарына отырғызып, аудандық ішкі істер бөліміне күшпен апарады. Аудандық ішкі істер бөлімінде полиция қызметкерлері үш бойжеткенді таңға дейін ұстап, сұраққа алған. Оларды қорқытып, үркітіп, ұрып соққан. Светлананы полицейлер тек таң атқан соң босатады. Ол бостандыққа шығысымен ақ дереу Ассанди Таимс газетінің редакциясына телефондап, болған жағдайды хабарлайды.

Ассанди таимс газетінің бас редакторының орынбасары Галина Дырдинаның айтуынша бұл Ассанди таимс газеті редакциясына, оның қызметкерлеріне жасалып отырған алғашқы қорқыту, үркіту шабуылы емес . Ассанди таимс газетінің ұжымы және газет қызметкері Светлананың өзі қаңтардың 30 ы күні кешкісін полиция тарапынан болған бұл заңсыз іс әрекет осы оқиғадан үш күн бұрын болған бір кездесумен байланыстырады. Ассанди таимс газетінің қызметкері Светлана Рычкованың айтуынша қаңтардың 27 сі күні оны Алматы қалалық ішкі істер басқармасының қауіпсіздік қызметінің «әскери формасыз» киіміндегі қызметкерлері әңгімеге шақырады. Әңгіме барысында әлгі қызметкерлер оған бір ұсыныс жасайды. Онда Светлананың жеке тұрмысындағы кейбір қиыншылықтарды білетіндіктерін айта отырып, ол қиыншылықтарды жеңуге қөмектесетіндіктерін айта отырып бірақта Светланадан Ассанди таимс газеті редакциясында болып жатқан барлық жағдайды хабарлап тұруды сұрайды. Светлананың айтуынша ол бірден әлгі құпия қызмет адамдарымен қызметтес, әріптес болудан бас тартқан кезде қауіпсіздіктің адамдары Светланаға өзінің жеке қауіпсіздігі мен екі жасар қыз баласының өмірі мен тағдырын жақсылап ойлануды ескерткен көрінеді.

Осы болған оқиғаға байланысты Ассанди таимс газетінің редакциясы мәлімдеме таратып отыр. Онда осы жағдайды Қазақстан парламентінің депутаттарына және де Қазақстандағы түрлі қоғамдық ұйымдар мен халықыаралық ұйымдар сондай ақ адам құқығын қорғау ұйымдары мен БАҚ назарына аудара отырып, осы оқиғаның артында қандай мақсат тұрғандығын Қазақстанның ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратурадан сұрайтындықтарын, Ассанди таимс газетіне қарсы осындай арандатушылықтар мен қыспақтардың дереу тоқтатылуын талап ететіндіктері айтылған.
XS
SM
MD
LG