Accessibility links

Бас хатшы БҰҰ-ң командасын Ирақ билігі оның өз адамдарының қолына берілуі жолындағы кедергілерді жеңу үшін жіберетіндігін айтқан.


БҰҰ-ң Бас хатшысы Кофи Аннан кеше Ақ үйде президент Дж.Бушпен кездесіп, Ирақтың қайта құрылуын талқылаған, ол тараптардың барлығы да ел билігінің неғұрлым жылдамырақ Ирақ тұрғындарына берілуі қажеттігімен келіседі деп айтқан: - Біз онда Ирақ тұрғындарына көмектесу үшін барамыз, Ирақ адамдарының өз үкіметін құруына, саяси жане экономикалық салада өздерімен біерге жұмыс істейтін үкіметтің болуына қолұшын беруге барамыз, - деп атап көрсеткен К.Аннан. Дегенмен де, бас хатшы БҰҰ-ң тобы дәл қай уақытта Ираққа аттанатындығын айтпаған. Ирақтағы көпшілік шииттер тікелей сайлау өткізілсін дейді. Американдық әкімшілік болса, тікелей сайлау үшін кейбір шарттар әлі де келіңкіремейді, сондықтан өтпелі жиын арқылы өтпелі үкімет сайлансын деген көзқарас жағында.
XS
SM
MD
LG