Accessibility links

Буш Ираққа байланысты барлау орындарының сәтсіздігін зерттеу туралы уәде берді. Бірақ сын айтушылар бұған күмән танытады.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

АҚШ президенті Джордж Буштың айтуынша, ол Ирақ соғысын ақтайтын барлау орындарының мәліметтерін зерттеу үшін арнаулы топ құрады. Бірақ бұған сын айтушылaр бұл арнаулы топтың тәуелсіз болуына күмән танытып, әрі оның нәтижелері қараша айында өтетін президенттік сайлаулар аяқталмай жария етілмейді деуде.

АҚШ президенті Джордж Буш оппозициядағы Демократтардың және БАҚ-ның қысымымен Ираққа байланысты барлау орындарының сәтсіздігін зерттеуші арнаулы топ құратындығын айтып жауап қайтарды. Бұған өткен аптадағы Ирақтағы бұрынғы американдық қару-жарақ тексерушілерінің жетекшісі Дэвид Кейдың, Вашингтон, Ирақта жойқын қару болуы ықтимал деген, мәселе бойынша "теріс мәліметтер алды,"-дегені де, тікелей түрткі болды. Бұндай қарудың болуы өткен жылғы Вашингтонның соғыс бастауына бірден-бір себеп болып еді.

Бұл мәселеге байланысты зерттеу жүргізуге алғашында қарсылық танытқан, Буш дүйсенбі күні Ақ үйдегі үкімет мүшелерінің отырысында былай деді:

"Мен, біз қай жерде тұрғандығымызды анықтай алатын тәуелсіз екі партиялық комиссия құрамын. Біз лаңкестікке қарсы соғыс жүргізіп отырғандықтан кейін осы арқылы біз үлкен жетістікке қол жеткізуіміз мүмкін."

Дүйсенбі күні Кеймен жүздескен кезде Буш, Ирақтың жойқын қаруға ие болған болмағанына қарамастан, Саддам Хусейін әліде оны жасау мүмкіндігіне ие болды, - деді:

"Мен барлық фактлерді білгім келеді. Біз шыныменде Саддам Хусейіннің, орасан зиян келтірмекке ниеті болғандығын білеміз. Біз оның қауіп төндіруші болғандығын білеміз. Ол тек азат әлемнің халқына ғана қауіп төндірген жоқ, ол өз еліне де қауіп төндірді."

Ақ үйдің өкілі Скотт Макклелланның айтуынша, Буш бәлки таяу арадa 9 мүшеден тұратын арнаулы зерттеу комиссиясын құрады. Бұған байланысты Демократ сенатор Том Дәшл егер Буш, комиссияның барлық мүшелерін тағайындап, оның жұмыс мерзіміне бақылау жасар болса, ол жеткілікті мөлшерде тәуелсіз болмайды, - деді.

Вашингтонда орналасқан либералды Саясаттану Орталығының талдаушысы Филлис Беннистың айтуынша,

"Менің ойымша, Буш әкімшілігі қазір аса қысылыңқы күйде. Және бұл комиссияны құру арқылы олар сайлау алдындағы жоғарғы қысымды сапасына түсірмек. Ол екі партиялық болады, деп мәлімдеу арқылы ол бейне тек Республикандықтар мен демократтардың жеке шаруасы ретінде қабылдайды. Менің пікірімше, олар бұл мәселені сайлау барысында қозғамауды қалайды, бірақ ол ондай болмайтындығы анық. Ирақта күн сайын екі, не үш, не бес АҚШ қосыны опат болып отырғанда соғыс түгелдей саяси шаруа. Сондықтан бұл күн тәртібінен алына алмайды."

Өткен аптада Буштың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Кондолиза Райстан, Ақ үйдің Ирақта жорамалданған қару-жарақтан нендей хабары бар ?- деген сауалға,

"Менің ойымша, біз Саддам Хуссеиннің жойқын қаруына неболғандығы туралы толық хикаяны біле бермейміз," - деп жауап қатты.



"Вашингтон Пост" газетінің сейсенбілік санында жарық көрген сұқбатында Мемілекеттік хатшы Колин Пауэлл, өзінің Буштың Ираққа кіру туралы шешімін қолдайтындығын білдірдіп, түптеп келгенде бұған тарих баға беріп, оның бұған барғандығының дұрыс болғандығын растайды, - деді.
XS
SM
MD
LG