Accessibility links

Кеше Украинаның қаламгерлері мен баспагерлері қосымша құн салығының кірігізілуіне наразылық ретінде қолжазбалар мен кітаптарды өртеп, отқа жаққан.


Киевтегі үкімет үйі алдына шамамен 200-дей қарсылық танытушылар жиналып , үкіметтен айдың басынан күшіне енген 20 проценттік салықты алып тастауды талап еткен. Украиндық жазушы Анрей Кирков мұндай салықтың салынуы мүлде қисынға келмейді деген Рейтер агенттігімен тілдескенде: - Елде бензин мен арақ сияқты кітап өндірісіне де қосымша құн салығының салынуы ешқандай ақылға симайды, өйткені халықтың кітап сатып алатын ақшасы жоқ, - деп атап көрсеткен.
XS
SM
MD
LG