Accessibility links

Британияда лаңкестік қауіпіне байланысты жаңа қатаң шаралар қабылдау ұсынысына азаматтық құқықтар қорғау топтары алаңдаушылықтарын білдіріп жатыр.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Британия Ішкі істер министрі Дэвид Бланкетт лаңкестікке қарсы жаңа қатаң заңдарды қабылдауды ұсынады. Көптеген саяси қайраткерлер, діни ұйымдар және азаматтық құқық қорғау топтары бұл ұсыныстар азат қоғамның басты құндылықтарына қауіп төндіреді деп алаңдаушылық танытып отыр.

Соңғы ұсыныстарға сай, британдық лаңкестікте сезікті сотқа жабық есік жағдайында тартылады, бұл барлау орындарындағы бұлақтарды қорғау үшін қажет шара. Сондай-ақ, сезікті шабуыл жасамас алдын оны сотқа тартуда қарастырылған. Және ұсыныстың өте күмәнді тұсы, ол сезікті тым әлсіз күәугерлікпен де, соттала береді. Сот өкілдерінің айтуынша, олар жауапқа тартылушының еш күмәнсіз кінәлі екендігіне сенімді болуы тиіс. Ал жаңа ұсынысқа сай, судьялар " бәлки деген" анықтамамен жорамалдап айыптауы керек.

Британия Ішкі істер министрі Дэвид Бланкеттың мәлімдеуінше, лаңкестік шабуылдың қауіпі адам мен заң арасындағы нәзік тепе-теңдікті талқылауға мәжбүрлейді. Ол өкімет барлау орындарындағы бұлақтарды қорғау үшін бұған баруға мәжбүр,-деуде.

Осы тұрғыдағы ұсыныстарға байланысты саяси қайраткерлер дәстүрлі азат қоғамның қамауға алынған адамның күнәсіздігі сынды құндылықтарына нұсқан келеді деп өз алаңдаушылықтарын танытуда.

Британия Парламентінің Консервативтік мүшесі және бұғанға дейін партияның ішкі мәселелер бойынша жауапты өкілі Хэмфри Малинстың айтуынша, Британия "қауіпсіздік қажеттерімен демократиялық дәстүр арасындағы ара салмақты сақтауы тиіс, өйткені сезіктінің қылмысы дәлелденбей, ол күнәсзіз болып саналуға құқылы."

Британияның Мұсылман Кеңесінің өкілі Инаят Буңлауаланың айтуынша: "Біз өте таң қалып отырмыз, өйткені 1970 пен 1980-ші жылдарда Біріккен патшалықтың жерінде Ирланд Республикандық Армиясының өкілдері бомбалық жарылыстар жасаған уақытында, Дэвид Бланкетт ұсынып отырған шаралар іске асырылған емес. Тек барлау орындарының іс қағаздарына сүйеніп адамдарды қамауға алып және британиялық азаматтарды судьялардың алдына апарып және оларға тағылып отырған айыптарды тіпті көрсетпеу алаңдаушылық тудыратын бағыт. Және біз үкімет бұны қабылдамай, бұл ұсынысты қоқыс шелегіне тастайды деген үміттеміз."

Азаматтық құқықтар бойынша британиялық адвокат Джон Аптон бұндай диктаторлық деңгейдегі мүмкіндіктер беретін заңдарды қабылдаудан сақ болуға шақырады.

Бланкеттың ұсынысы Британия лаңкестік қауіпін бастан өткеріп жатқан шақта жасалып отыр. Сақадай-сай қаруланған сақшылар әуежайлар мен маңызды мекемелерді күзетіп тұр. Лаңкестік шабуыл қауіпінен бірнеше атлантикааралық ұшақ сапарлары осы аптада кейінге қалдырылды. Жұрт үнемі үрейлі жағдайдан шаршай бастады.

Британия Көлік министрі Аластэйр Дарлинг таяуда Парламентті болашақта басқаша шаралар қолданылатын болады,- деп сендріуге тырысты: "Өкілдер үйі қауіп бар екендігін мойындайды және біз бұл мәселе бойынша, тепе-теңдікті сақтап және жан-жақты қарауымыз қажет. Біздің мақсатымыз қолда бар барлық қауіпсіздік сақтау шараларын жұмылдыра отырып дәл осы кезде халықтың күнделікті істерін атқаруларына кепілдік беру болып отыр."

Бланкеттың айтуынша, ол 2006-шы жылдың ортасында өтетін ұлттық сайлаулардан соң жаңа заң жобасының қабылданатындығына үміттенеді.
XS
SM
MD
LG