Accessibility links

Доллардың құлдырауы Орталық Азияға қандай ықпал жасап отыр.


Соңғы айларда АҚШ доллары, еуро, фунт стерлинг және иена сынды әлемнің қуатты валюталарына шаққанда құнсызданды. АҚШ Долларының сонымен қоса көптеген шағын валюталарға да бағамы төмендеді, соның қатарында Орталық Азия елдерінің ұлттық қаржылары да бар. АҚШ Долларының төмендеуі адамдардың қаржылық мүмкіндітеріне өз кесірін тигізіп жатыр.

2003-інші жылы Қазақстанның Орталық Банкі доллардың теңгеге айырбас бағамына өз тарапынан ықпал жасауға тырысып бақты. Бірақ оның әрекеттеріне қарамастан бір американ доллары соңғы төрт жыл ішінде 153 теңгеден 139 теңгеге дейін төмендеді.

Доллар басқада Орталық Азиялық валюталарға шаққанда да құлдырады.Тәжікістанның Сауда және Экономика министрлігінің өкілі Асқар Нұралиевтың айтуынша, жергілікті ақшалар ғаламдық ағымның бағытында кетіп барады:

"Еуропа елдерінде доллардың бағамы түсіп жатыр. Біз олардың ізін басып келеміз."

Бішкекте жарық көретін ағылшын тілді " The Times of Cеntral Asia " газетін шығарушы Джорджио Фиакконидың айтуынша, көптеген елдерден келуші импорттың бағасы өсіп, ол жергілкті қаржыларға шаққанда қымбаттай түсіп орташа және шағын саудагерлерге ауыр тиіп отыр. Бірақ, дейді ол, ұлттық валюталары долларға байланған Қытай сынды басқада Шығыс Азия елдерінен әкелінетін заттар әліде бақталастыққа төтеп бере алады:

"Импорттық заттарды алушылар оларды қымбатсынып отыр. Бұл мәселен Түркия, Дубай және Еуропа өнімдерін алушыларға қатысты. Бірақ мысалы Қытай заттарын сатып алушылар оларды арзандығы арқылы бақталастыққа жарайды деп тауып отыр. Осыған байланысты еуропалық елдерден әкелінетін сапасы жоғарғы импорттың көлемі азайып, оның есесіне долларға байланған қиыр шығыс елдерінен әкелінетін өнім түрі көбейеді."

Бішкектік экономист Сапар Оразбақовтың айтуынша, доллардың құнсыздануы шағын кәсіпкерлерге ауыр тиіп отыр.

Орталық Азия аймағында халық жергілікті инфляцияны ескеріп өз жиған-тергенін долларда ұстайды. Доллардың құнсыздануы қолдағы бар қорға мұздың еріп бара жатқанындай әсер етіп отыр. Ал барлық бағалар сол қалпында қалуда, азық-түлік, жылжымайтын мүлік қымбаттап барады.

Тәшкентік әйел өз сатып алу мүмкіндігінде шектеліп отырғандығы туралы пікірін былайша білдірді:

"Менің ойымша, бағалар сол қалпында қалып отыр. Олар доллар құнсызданғалы бері өзгеріске ұшыраған жоқ."

Қазақстаның Орталық Банкінің өкілі Жанат Байманова, 500 мың тұрғыны бар Астанада 2003-інші жылдың соңғы үш ай ішінде халық қолда бар 45 миллион долларын сатқандығы туралы хабарлады. Ол Қазақстандықтарға өз ақшаларының 50 пайызын теңгеде және қалған 50 пайызының қалған жартысын, долларда, еурода, ресейлік рубльде ұстауға кеңес берді.

Фиакконидың айтуынша, халық долларға әлі де сенеді: "Бұнда барлығы долларланған. Адамдар барлығын доллармен есептейді, мейлі ол жалақы болама, жалға беруме, не кез келген зат саудаға салынсын. Ептеп еуроға аудару әрекеті бар, бірақ ол тым шектеулі. Көпшілік тоқтамдар доллармен жасалған. Кейбір жағдайларда жергілікті валютаға өту бар. Мысалы, бұнда Қырғызстанда көптеген компаниялар басында барлығын доллармен көрсетсе, енді жергілікті ақшада көрсете бастады."

Бұл үдеріс алдағы айларда да, жалғасады өйткені жергілікті базарлар АҚШ-тың өз валютасын күшейтуге араласпайтындығына көз жеткізіп отыр,-дейді Фиаккони.
XS
SM
MD
LG