Accessibility links

Ауғаныстан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгерлер үкімет тарапынан көрсетіп отырған қолдауға риза емес


Ауғаныстан соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлер 15-ші ақпан күні арнайы мұражай ұйымдастырып, соғыста қаза тапқан достарының ескерткішіне барып, гүл шоғын қояды. Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі Қайрат Медиевтың айтуынша, мұндай шараларды олар жыл сайын өткізеді.

Қайрат Медиев, Ауғаныстан соғыс ардагерлері мен мүгедектері одағының Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі: - Қазір қайтыс болған жауынгерлерді еске алып, мектептерде солардың мемориалдық тақталарын ашып жатырмыз. Арнайы жарыс ұйымдастырамыз, бірақ болған соғыс туралы айта берудің өзі дұрыс емес, себебі соғыста болған жауынгерлер бастарынан кешірген қиындықты еске алып, ішімдікке салынып кетеді, немесе қиналады. Сол себептен біз жөнсіз айта беруден қорқамыз. Жалпы алғанда, Қайрат Медиевтың айтуынша, Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің мемлекет тарапынан, оларға көрсетіліп отырған қолдауға көңілі толмайды. Ауған жауынгерлеріне парламентте қаралатын «Соғыс ардагерлері» туралы заң жоба да ұнамайды.

Қайрат Медиев, Ауғаныстан соғыс ардагерлері мен мүгедектері одағының Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі: - Бұл заң жобаның талқыланып жатқанына 4 жыл болды. Бірақ күні бүгінге дейін бұл заң жоба мақұлданбады. Біз осыдан үш жыл бұрын өз пікірімізді білдірген болатынбыз. Негізінен, ардагерлер заңын 3 бөлуге болады. Ардагерлер қатарына көп жыл бойы жұмыс жасаған адамды, көп жыл бойы әскери қызметте болған адамды жатқызуға болады. Сол себептен біздің ойымызша, «Соғыс ардагерлері» деген заң болғындықтан ардагерлердің қатарына Ауғандық жауынгерлерді кіргізсе, деп өтініш білдірдік.

Қалай болғанымен, Ауған соғысының ардагерлері өздерін саясаттың құрбаны болдық деп есептемейді.

Қайрат Медиев, Ауғаныстан соғыс ардагерлері мен мүгедектері одағының Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі: - Саяси құрбан деген бізге сай келмейді, себебі Кеңес Одағы ыдырап кеткенімен, Қазақстан ТМД мемлекеттерінің бір бөлігі болып қалды. Ал ТМД мемлекеттеріндегі Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер өз мәртебелерін жоғалтқан жоқ. Ресей, Белоруссия және Украина мемлекеттерінде әлі де болса, Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің жеңілдіктері бар. Біздің мемлекетте мұндай жеңілдіктер жоқ деп айтуға болмайды, бірақ бұрын біз көптеген әлеуметтік жеңілдіктерге ие болсақ, қазір бұл жеңілдіктердің орнына ақша береді, бірақ берілетін ақша өте аз.

Қазақстан үкіметі Ауған соғысының ардагерлеріне айтарлықтай көңіл бөлмейді дегенімен, жауынгерлер Алматы қаласы мен облыс жетекшілерінің көмегін ұмытуға болмайды дегенді айты. Үстіміздегі жылдың 13-ші ақпанында Алматыдағы номері 12-ші мектебінде Ауғаныстанда қайтыс болған Марат Құлмаханов деген жауынгерге мемориалдық тақта қойылады екен. Бұл жауынгер Алматы облысының әкімі Шалбай Құлмахановтың туысы екен.
XS
SM
MD
LG