Accessibility links

АҚШ президенті мен АҚШ Орталық барлау агенттігінің басшысы Джордж Тенет бейсенбі күні Ираққа соғыс ашу жөніндегі шешімді қорғады.


Бірақ олар соғыс алдындағы барлау мәліметтерінің түгелдей сенімді болмағандығын мойындады. Оңтүстік Каролинадан тұрып, президент Буш, біз Ирақтан алғашқы кезде бар деп есептеген қаруларды таба алмадық, бірақ ол соғысқа баруымыз дұрыс іс болған, деді - Бұрынғыны және қазіргіні салыстырып көргенде мен Америка Ираққа барып дұрыс іс жасады деп есептеймін, деген АҚШ президенті. Ал Джорджтаун университетінде сөйлеген Орталық барлау агенттігінің директоры Тенет, менің мекемем Ирақ соғысынан алдынғы қауіп-қатер жөнінде жалған ақпарат берген емес деген. Тенеттің айтуынша, әзірше Ирақта жойқын қарулар табылмағанымен Саддам Хұсейннің ядролық қарулар жасауға әрекет еткендігі жөнінде мәлімет болған. - Барлаушылар ешқашан Ирақ қаруларынан міндетті түрде қауіп бар деген емес. Бізге ешкім нені, қалай айтуды үйреткен емес, - деген АҚШ Орталық Барлау агенттігінің басшысы. Міне енді, президент Буш Ирақ жөнінде Барлау агенттігінің жіберген қателіктерін зерттеу үшін арнайы комиссия құрмақ. Ол топта ресбубликашылардан сенатор Джон Мккейн де болуы мүмкін. Бірақ ол комиссия қарашада президенттік сайлау өткенше тексеру нәтижелерін жарияламақ емес.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG