Accessibility links

«Бауырластық, ерлік, батырлық» атты көрме ашылды


Бүгін Алматыда Кеңес әскерилерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 15 жылдығына орай, Орталық мұражайда «Бауырластық , ерлік, батырлық» атты көрме ашылды. Көрмеге ауған соғысы туралы құжаттық материалдар, соғысқа қатысушы жауынгерлердің жеке заттары қойылды.

Ресми мәліметтерге қарағанда, Кеңес Одағының 620 мың әскерилерінің 22 мыңы, қаза болған 15526 адамның 761-і қазақстандықтар болған. КСРО-ның қорғаныс министрлігінің бас штабының мәліметтері бойынша хабарсыз кеткендер мен тұтқынға түскендердің саны 33 адам болса, олардың 21-і қазақстандықтар еді. Ауған соғысының ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Болат Сайман мырза «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Ауған соғысын әділетсіз болған соғыс деп бағалады.

- Шынын айту керек бұл әділетсіз соғыс. Неге десеңіз, сол кездегі 18-20 жасар жігіттерді отқа көсеп ойнаған партакрат серкелердің шешімімен болған соғыс болды. Сол партакрат серкелер өмірден өтіп кеткенімен сол соғыстың зардабын, қасіретін азаматтар ұмыта алмай жүр. Көптеген аналар балаларынан, балалар әкелерінен, боздақтар өздерінен айырылып қалды.

Ауған соғысы Кеңес Одағына атақ та, абырой да әкелмеді. Қаза болғандардың туыстары мен жақындары үшін Ауған соғысы 1989 жылы 15 ақпандағы Кеңес әскерилерінің шығарылуымен аяқталған жоқ. Бұл соғыстың зардаптары уақыт өтседе жазылған жоқ,- дейді Ауған соғысының ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Болат Сайлан мырза.

- Зерттеуші ретінде әлі де тоқтаған жоқ деп айтар едім. 1979 жылы басталған соғыс 25 жылға жуық уақыт болды. Өздеріңіз білесіз екі жыл болды соғыс өртінің жайлап өше бастағанына, Америка Құрама Штаттарының әскерилері кіре бастағаннан кейін ғана соғыс тоқтады деп айтуға болады.

Болат Сайлан мырзаның айтуына қарағанда, талай жанның жүрегіне жара салып кеткен Ауған соғысынан бүгінгі жас ұрпақ бейхабар көрінеді. Ауған соғысы ардагерлеріне көрсетілер құрмет көбейіп жатса, артықтық етпейді дейді ол.
XS
SM
MD
LG