Accessibility links

Жексенбі күні милиция бейсенбі күні хабарсыз жоғалған Ресей президенттігіне үміткер Иван Рыбкиннің Мәскеудегі пәтері мен кеңсесін тінтіді.


МӘСКЕУ: Жексенбі күні милиция бейсенбі күні хабарсыз жоғалған Ресей президенттігіне үміткер Иван Рыбкиннің Мәскеудегі пәтері мен кеңсесін тінтіді. И.Рыбкиннің сайлауалды штабының жетекшісі Ксения Пономареваның Интерфакс агенттігіне хабарлауынша, тінтудің хаттамасы толтырылған. Хаттама И.Рыбкиннің жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдауы үшін прокуратураға жолданбақ. Милицияға жексенбі күні арызданған И.Рыбкиннің жұбайы мәлімдегендей, президенттікке үміткер 5 ақпанда кешкі сағат 7-де үйден шығып, содан бері оны ешкім көрмеген.
XS
SM
MD
LG