Accessibility links

Хоккей ойындары Павлодардағы жасанды мұз құйылған спорттық-сауықтыру кешенінде, қысқы спорт түрлерінен І-інші Қазақстан Спартакиадасының шеңберінде өтеді.


ПАВЛОДАР: Бүгін Павлодарда шайбалы хоккей турнирі басталып, бір апта бойы жалғасатын ол жарысқа Шығыс, Батыс, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды, Қостанай, Ақмола, және Павлодар облыстарының командалары қатыспақ. Хоккей ойындары Павлодардағы жасанды мұз құйылған спорттық-сауықтыру кешенінде, қысқы спорт түрлерінен І-інші Қазақстан Спартакиадасының шеңберінде өтеді. Оның барысында жанкүйерлер “Қазақмырыш” және “Қазақмыс” хоккей ұжымдарының өнерін тегін қызықтайтын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG