Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш, өзінің Ирақ жорығын бастау туралы шешімі дұрыс болғандығына әліде сенімді екендігі туралы мәлімдеді.


Жексенбі күні ЭнБиСи телекомпаниясына берген сұқпатында Буш, Саддам Хусейн режимі " тікелей қауіп төндірмеді", бірақ ол жойқын қаруға ие болғысы келді,-деді. Буштың айтуынша, АҚШ қауіп пайда болмай тұрып оның алдын алған. Буш, өзі құрған комиссия барлау орындарының ирақтық қару-жарақ туралы мәліметтеріне тексеру жүргізіп, соғыстың басталғандығының заңдылығына соңғы анықтама береді, деп сенім білдірді. Буш сондай-ақ, АҚШ өзге де, елдермен бірігіп Иран мен Солтүстік Көрейдің ядролық бағдарламаларынан бас тартулары үшін дипломатиялық әрекеттер жасап жатқандығына да, тоқталды : " Әрбір жағдай өз талдауы мен жеке көз қарасты талап етеді. Біздің ойымызша, Иран әліде қауіп төндіріп отыр. Бірақ халықаралық қауымдастық оны ядролық бағдарламаларынан бас тартуға тырысып отыр. Және Корей түбегінде АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корей, Жапония және Ресей бірлесе Ким Чен Ирге : егер сіздер жаңаша қарым-қатынасқа мүделі болсаңыздар, онда ашылып өз бағдарламаларыңыздан бас тартып және дәлелдеңдер.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG