Accessibility links

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райы ахуалынан Қарағанды-Жезқазған және Қарағанды-Балхаш күре жолдары бір тәулікке жабылды,- деп хабарлайды Kazakhstan today тілшісі.


Жолдардың кейбір бөліктерінде қатты мұз қатып, жүруге жағдай болмай қалды. Бүгін, 9-ақпанда тас жолдардағы қозғалыс қайтадан қалпына келтірілді. Әйтседе, ауа райының ахуалы нашарлай түсуде. Қарағандыда күшті қарлы бұрқасын басталды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан Kazakhstan today тілшісіне хабарлағанындай, әзірге күшті дауыл туралы ескерту берілген жоқ. Дейтұрғанмен, жағдай алдағы бірнеше сағатта өзгеруі мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG