Accessibility links

Бүгін Нью-Йоркте Кипрді біріктіру мәселесі бойынша келіссөздер өтуде.


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының дәнекер болуымен Нью-Йоркте Кипрді біріктіру жөнінде келіссөздер өтуде. Оған Грекиялық Кипр республикасының президенті Тассос Пападопулос, Кипрдегі түркітердің жетекшісі Рауф Денкташ, сондай-ақ Түркия, Грекия және Ұлы Британия өкілдері қатысуда. БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан аралдың грек және түрік қауымдастықтарын тұтас Кипрдің ЕуроОдаққа кіруі үшін 1 мамырға дейін бірігу туралы уәжге келуге шақырды. Басқаша жағдайда, ЕуроОдаққа Грекиялық Кипр республикасы ғана мүше болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG